USD
USD
USD

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды бірнеше жерінен пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген жігіт қазіргі уақытта Талғар ауданы Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада емделіп жатыр.

Күдікті, Нұрай
Фото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Астана, NEGE. Бұл жөнінде марқұм Нұрайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаров хабарлады

«Қазір күдікті мамандардың бақылауында қарқынды ем алып жатыр. Оның ақыл-есі дұрыс не бұрыс екені жөнінде соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Емдеу аяқталғаннан кейін кешенді тексеру тағайындалады», – дейді адвокат.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасаөз қызметі ем аяқталғаннан кейін күдікті тергеу изоляторына қайтарылатынын мәлімдеді. Қазір оған қатысты адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады», – дейді полиция өкілдері.

Ведомство өкілдері тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

«Оларға қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша түсіндірмелер берілуде, заңда белгіленген тәртіппен тергеу барысы туралы ақпарат жеткізілуде, сараптама қорытындылары мен іс материалдары түсіндірілуде.

 

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделген», – дейді қалалық полиция қызметі.

Айта кетейік, қанды қылмыс 11 қаңтар күні кешкілік Шымкент қаласындағы Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында жасалған. 21 жастағы Нұрай Серікбай есімді қызды танысы 11 жерінен пышақтап кеткен.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті 13 қаңтарда Шымкенттен 10 шақырым жерден ұсталып, қамауға алынды.

Осы оқиғадан кейін құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін қалалық полиция департаменті бастығы және оның бірінші орынбасары, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Питер Фостер

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Темір Қырықбаев

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Бапи

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Әділетхан Молдахан