USD
USD
USD

Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді

2023-2024 жылдары Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың игерілуіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша бірқатар қылмыстық іс тіркелді.

Тексеру
Фото: bureau.kz

Астана, NEGE. Жоғары аудиторлық палатада төрағасы Әлихан Смайыловтың қатысуымен Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ведомсвтвоның баспасөз қызметі.

Аудиторлар 3,4 трлн теңгеге қаржыландырылған 3 мыңнан астам бюджеттік инвестициялық жобаны, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген 3,8 трлн теңге облигациялық қарыздарды тексерген.

Комиссия Ұлттық қорға жүктелген барлық мақсат пен міндетке қол жеткізуге жауапты бірыңғай мемлекеттік орган жоқ екенін анықтаған. Қазіргі уақытта функциялар Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық Банк арасында бөлінген.

«Комиссия іске асыру үшін базалық дайындығы жоқ кейбір жобалардың қаржыландыруға қосылғанын анықтады. Олар бойынша жобалау-сметалық құжаттама, жер учаскелері және т.б. болмаған. Бұл мерзімдердің ұзаққа созылуына әкеп соғады. Құны 394 млрд теңгені құрайтын тағы 500-ден астам жоба алып тасталған не орындалу барысында басқаларына ауыстырылған», – делінген хабарламада.

Аудиторлардың нақтылауынша, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер заңнамалық тұрғыдан стратегиялық және ұлттық маңызы бар басым міндеттерге арналған. Алайда Ұлттық қордың қаражатын тартпай-ақ іске асыруға болатын жергілікті деңгейдегі жобаларды қаржыландыру фактілері анықталды: ауылды абаттандыру объектілері, шағын әлеуметтік объектілер және т.б.

Сонымен қатар қаражатты мақсатсыз және тиімсіз қайта бөлу фактілері анықталған: ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған қаражат қалалық объектілерге бағытталған, бұрын сатып алынған жабдыққа қаражат бөлінген. Кейбір өңірлерде жабдықты сатып алу көлемі құнның жоғарылауына байланысты жоспардан екі есе асып түскен.

Кейбір жағдайларда Ұлттық қордың қаражаты бұрын аяқталған жобаларға жұмсалған немесе нақты қажеттіліктен асып түсетін көлемде бөлінген.

«Қайтарымдылығы төмен проблемалық жобаларды қаржыландыру, лизингтік мәмілелерді ұзаққа созу, мәлімделген экспорттық және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізбестен жеңілдікті қарыздарды арзан қорландыру көзі ретінде пайдалану жағдайлары тіркелді», – деп хабарлады палата өкілдері.

Осы жайттарды ескере отырып, жұмыс тобы бағалаудың толық циклінен өтпеген жобаларға нысаналы трансферттер бөлуге жол бермеуді, Ұлттық қор қаражаты түпкілікті алушыға жеткенге дейін оның толық қадағаланып отыруын қамтамасыз етуді, мәлімделген мақсатына сай пайдаланылмаған 64 млрд теңгені қайтаруды ұсынды.

 

 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші