USD
USD
USD

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Бүгін, 1 сәуірден бастап Питер Фостер Air Astana тобының бас атқарушы директоры қызметін тоқтатты.

Питер Фостер
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Фостердің орнына 2003 жылдан бері компанияда жұмыс істеп келе жатқан Ибрахим Жанлыел тағайындалды. Ол 2017 жылдан бері әуекомпанияның қаржы жөніндегі директоры қызметін атқарған.

«CEO ретінде Ибрахим Жанлыел операциялық орнықтылықты нығайтуға, тұрақты өсімді қолдауға және Air Astana мен FlyArystan аясындағы екі брендті стратегияны ілгерілетуге назар аударады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Фостер әуе компаниясын 21 жыл басқарды, енді ол директорлар кеңесінің кеңесшісі болады.

Соңғы жылдары Фостердің атына Қазақстан ішіндегі билет бағасының жоғары болуы мен рейстердің жиі кешігуіне байланысты жиі сын айтылды.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы