11 Шілде 23:29

Түркістанға 2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Фото:

Жалпы салмағы 2 тоннаға жуық 136 түрлі дәрі-дәрмек Түркістандағы 6 дәріханаға таратылған.  Науқастарға қажетті бұл препараттарды қала билігі Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн теңгеге сатып алған көрінеді.

Алматы,NEGE. Бұл дәрілердің ішінде антибиотиктер, қан сұйылтатын және тыныс алу жолдарына арналған препаттар бар. Жергілікті билік дәрі-дәрмек қорын молайту үшін өзге де компанияларға сұраныс жіберген екен. Көп ұзамай Өзбекстаннан да дәрі тиеген жүк көлігі келеді деп күтілуде.

Дегенмен парацетомол, аспирин секілді аса қат дәрі-дәрмектер бір қолға екі данадан артық сатылмайды, делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Тегтер: