29 Қазан 10:29

POS Mobile кәсіпкерлер үшін қаншалықты тиімді?

Фото:

 Елімізде POS Mobile қызметін қолданатын кәсіпкерлер көбейген. Маусым айында енгізілген төлем жүйесі сауданы едәуір жеңілдетеді.

Алматы, NEGE. Сатушылар POS-терминалдардың орнына енді төлемді ұялы телефон арқылы қабылдай алады. POS Mobile қызметін елімізде осыдан 4 жарым ай бұрын «Қазпошта» акционерлік қоғамы енгізді. Бүгінде жүйені жүздеген сатушы пайдалана бастады. Play маркеттен қосымшаны жүктеп, пос-терминалдың орнына қолданады. Яғни тұтынушы тауарды таңдаған соң өз картасын телефонға қойып, төлемді жүзеге асырады.

Біріншіден, POS Mobile тегін. Екіншіден, төлем үшін алынатын алым аз. Оған қоса жылдам жұмыс істейді. Кәсіпкерлер, сатушылар үшін өте ыңғайлы. Жай терминалдар кейде желіге байланысты дұрыс жұмыс істемейді. Әрі түбіртек қағазы керек. Ал бұл қосымшаны маусым айынан бастап қолданамыз. Әзірге жүйенің жұмысы көңілімізден шығады. NFC технологиясының негізінде жұмыс істейтін мобильді қосымшаны Виза және Мастер кард сияқты халықаралық төлем жүйелері қолдады.

Жалпы, POS Mobile кез келген карта түрін қабылайды дейді Қазпошта өкілдері. Картамен, Samsung Pay арқылы, Apple Pay арқылы, смарт-сағатпен немесе NFC сақинасымен төлемдерді қабылдай алады. Жеке мәліметтер сақталмайды, барлығы қорғалған. Қосымшаның тағы бір ерекшелігі – төлемді қашықтан жүзеге асыруға болады. Бұл әсіресе, қазіргідей карантин кезінде өте қажет. Ал Қазпошта алдағы уақытта пос мобайлдың аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтсақ, «Әлеуметтік карта» жобасына және компания серіктестерінің сауда нүктелеріне енгізу көзделеді.

Тегтер: