19 Сәуір 08:41

БҚО-дағы соңғы жеті науқас Ресейден келген

Фото:

Батыс Қазақстан облысында соңғы тіркелген жеті науқас та Ресейден келген.

Алматы, NEGE. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 сәуір күнгі сағат 22.30-дағы соңғы мәліметке сәйкес Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 1630-ға жетті. Соның ішінде жетеуі Батыс Қазақстанның үлесіне тиеді. БҚО-ның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, бұлардың бәрі де – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін облыс тұрғындары. Олардың ішінде ең жасы 20-да болса, ең үлкені 47 жаста. Саратов облысымен шекарада орналасқан «Тасқала» бекетінен өткен кезде олардың денсаулықтарына шағымы болмаған. Алайда карантиндік стационарға жатқызылып, сынама алынғаннан кейін жетеуінің де коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, жағдайлары қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 46-ға жетсе, соның екеуі жазылып шықты. Соның ішінде 39-ы – шеттен келгендер. Жетеуі – бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейде жұмыс істеп келген БҚО-ның бес тұрғынынан коронавирус анықталған еді. 

Тегтер: