10 Наурыз 16:20

Банк қызметкерлері ақша ұрлаған

Фото:

Ауыл тұрғындарына несие алуға көмектесе отырып, ақша жымқырған күдіктілерді Түркістан облысының полицейлері қолға түсірді,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өткен жылы Шымкент қаласындағы банк қызметкерлерінің бірі несие алуға көмектесіп, жәбірленушінің атына 669 мың теңге рәсімдеген. Бірақ 500 мың теңгесін ғана беріп, қалғанын өзіне қалдырған.

Дәл осыған ұқсас өтінішпен полиция бөліміне басқа адам хабарласты. Дәл сол банктің қызметкері тұрғындардың бірінің атына 400 мың теңге рәсімдеп, 300 мың ақшаны өзіне алып қалған.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдікті деп Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алған полицейлер күдіктінің басқа қандай қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр.

Тіркелген екі дерек те Қылмыстық Кодекстің 188-бабы — «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жинақталған материалдар сотта қаралады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды ескертеді. Күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірудің қажеті жоқ.

Тегтер: