7 Маусым 20:05

Атырау жағажайларында теңіз аттракциондары пайда болды 

Фото:

Ақтаулық кәсіпкерлер қала жағажайларына қолдан құрастырылған аттракциондарды орнатуды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Соның бірі жуырда яхта-клубының жанында пайда болды. Туристер мен балаларға арналған ойын алаңы бас-аяғы 4 айда жасалған. Ол батут, сырғанақтар мен биіктікке өрмелеп шығуға болатын тіреуіш қабырғадан тұрады. Жоспар бойынша теңіз аттракционы келер аптада жағалаудан 500 метр қашықта орналасады. Оған бару үшін серуен қайықтары қолданылады. Константин Чулаков, кәсіпкер: – Аттракционның кейбір бөлшектерін өзге аймақтардан және Ресейден тапсырыспен алдырттық. Кейбірін өзіміз жасадық. Негізгі қаңқасына шыныпластик қолданылды. Бұл материал ұзақ уақытқа төзімділігін жоғалтпайды. Жүзбелі ойын алаңқайы бір мезетте 10 адамды көтере алады. Туристер мен балалардың қауіпсіздігін екі адам қадағалайды. Сұраныс артса, жаз соңына дейін тағы бірнешеуін құрастыру жоспарда тұр.

Тегтер: