30 Сәуір 11:55

Атырау облысында карантин режимі жеңілдетіледі

Фото:

Атырау облысында карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылданып, бірқатар нысандарға жұмыстарын қайта бастауға рұқсат етілді. 

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалының хабарлауынша, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды ұзарту туралы» 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтуге қатысты қаулы шығарған. «Атап айтқанда, енді өңірде тек азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерімен қоса, ауылшаруашылық техникалары, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар және тұқымдар сататын дүкендер де ашылады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын жалғастырады.

Оның ішінде құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері мен көлік, қойма, ауылшаруашылық қызмет көрсету саласындағы компанияларға қызметін қайта бастауға рұқсат етілді. Автосалондар, қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиналарға қызмет көрсету, авто бөлшектер сататын дүкендер, химиялық тазартқыштар, тұрмыстық және оргтехниканы жөндеу, нотариалдық қызметтер мен штаттың 50%-ы рұқсат етілген екінші деңгейдегі банктер де қызметін жалғастырады. Бұдан бөлек, кешкі сағат 21:00-ге дейін жеткізу қызметі бар тамақтандыру орындары жұмыс істейді» делінген қаулыда. Бұл нысандар жұмысты қайта бастау үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттеледі. Санитарлық тазартқыштардың, медициналық бетперделер мен қолғаптар секілді қорғаныш заттары болуы қажет. Оған қоса, жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынады. Ал, облыс тұрғындары тұрғылықты мекенжайы немесе жұмыс орнына жақын орналасқан аталған нысандарға бара алады. Әлі де ір

і сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, кинотеатрлардың, монша кешендерінің, компьютерлік клубтардың, фитнес-орталықтардың, тұрмыстық техника дүкендерінің, киім-кешек дүкендерінің және адамдар көп жиналатын басқа да орындардың қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, қала көшелерінде тұрғындардың себепсіз жүруіне болмайды.  

Тегтер: