18 Сәуір 21:16

Алматыда тағы бір журналист қамалды

Фото:
Алматыда журналист

Ұлан Шамшет ұсталды. Бұл туралы азаматтық белсенді Геннадий Крестьянский мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Оны карантин режимін бұзды деп ұстады. Бүгін ол саяжайына барған болатын. Көршісі ұстап берген көрінеді. Тапсырыс бойынша шығар. Оны сол жақтан ұстап кеткен. Ол «адвокат керек» деп хабарлама жазып үлгерді. Оның екі баласы бар», – дейді Крестьянский.

Соңғы күндері тұтқындау көбейіп кетті. Мұның алдында Арман Шораев пен белсенді Әлнұр Иляшев да ұсталған болатын.

Тегтер: