USD
USD
USD

Алматыда кене шаққандар саны артып келеді

Алматыда наурыз айының басынан 5 мамырға дейін кене шаққан 518 адам медициналық көмекке жүгінген.

Алматы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (579 адам) 10,5 пайызға төмен. Кене шаққан 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 53,4% (277 бала) құрады. Барлығына дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, көрсеткіштері бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене инфекциясы тіркелген жоқ, - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Денеге кене жабысқаны анықталса, мүмкіндігінше тезірек (кене қадалғаннан кейін төрт күннен кешіктірмей) білікті медициналық көмек көрсететін ұйымдарға хабарласу және кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізу қажет.

Кене шаққаннан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек қаладағы медициналық ұйымдардың келесі травматологиялық пункттерінде көрсетіледі:

Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6);
Жедел жәрдем ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96);
№ 4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);
№ 7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман шағын ауданы, 20);
Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы (Манас көшесі, 40).

Сондай-ақ, кенелер санын азайту және кене инфекциясының алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап қаланың орман-тоғай, саябақ, алаңқайларында кенеге қарсы профилактикалық шаралардың бірінші кезеңі жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс