USD
USD
USD

Астана мектебіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді

Астанадағы №44 орта мектепке Рейхстагқа жеңіс туын ең бірінші болып желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагері Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

Мектеп
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Астанадағы №44 орта мектепке Рейхстагқа жеңіс туын ең бірінші болып желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагері Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің, Астана қалалық Білім басқармасының өкілдері, Қарулы Күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп басшылары, Рақымжан Қошқарбаевтың туған-туыстары қатысты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биыл Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы аталып өтетінін еске салды.

«Ағамыздың есімі мектепке берілгеніне және оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынына қуаныштымыз, ол өмірінде соғыс туралы айтқысы келмеді», - деді Рақымжан Қошқарбаевтың жиен қарындасы Маржан Нұрмағамбетоваға.

Шара соңында құрметті қарауыл ротасы қару-жарақпен дефиле көрсетіп, мектеп оқушылары соғыс қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған көріністер ойнады.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы