USD
USD
USD

Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.

Теннис
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.

Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні З.Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар