8 Мамыр 14:28
...

Уақытша орналасу пункттерінде 5 436 адам бар – ҚР ТЖМ

Су тасқыны
Фото: ТЖМ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі осы уақыттағы су тасқынына байланысты жағдай дөніндегі мәліметтерді жариялады.

Алматы, NEGE. ҚР Төтеше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысыныңПетропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 179 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 277 мыңнан астам текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары ТЖ департаменттерінен келген күштер мен құралдар Петропавл қаласының Подгора және Кожевенный шағын аудандарында, Қызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.

Атырау облысының Құлсары қаласындасу басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде, су деңгейінің біртіндеп жоғарылағаны байқалады. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөген салу жұмыстары жүргізілуде.

Республика бойынша 9 839тұрғын үй мен 3 215аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,5 млнеріген қар суы сорлды. 50 841адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 028адам, 1 284техника,326су сору құралы және67 жүзу құралы, 6әуе кемесі жұмылдырылды.