13 Желтоқсан 17:45
...

Жанат Самат: Қоқысты әбден жоймайынша күресті тоқтатпауға тиіспіз

Фото:

Есепсіз қоқыс полигондарының ыдырап, қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізер қаупі сейілмей тұр. 10-ші желтоқсанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі порталында «Қазақстан Республикасының 2020 жылы қоршаған орта және табиғи ресурстарды пайдалануы туралы ұлттық баяндамасы» жарияланды. 

Экологтар баяндамада атмосфералық ауа, климаттың құбылуы, биоәртүрлілік және ресурстар, қалдықтар, «жасыл экономика» және басқа да бірқатар көрсеткіштер бойынша ресми деректер келтірді. Ұлттық баяндамада «2020 жылы ресми тіркелген полигондарға 3,7 млн тонна тұрмыстық қалдықтар келіп түскен. Оның 68,6%-ы полигондарда сақталуға жіберілсе, 30,3%-ы сұрыптаудан өткізілген», - деп көрсетіледі.

Бұл – ресми статистика. Онда санкцияланбаған қоқыс орындарына қанша қалдықтың төгілгені есепке алынбаған. Ол проблеманы космомониторинг арқылы шешуге болады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығы" РММ бас директоры Жанат Саматтың айтуы бойынша, заңды полигондарды да, санкцияланбаған қоқыс орындарын да космомониторинг анықтайды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығы" РММ бас директоры Жанат Самат

«Цифрлы картада жасыл желектердің арасында жүздеген аппақ дақтар айқын көрінеді. Жақындатып қарасаңыз, жем-шөп өспейтін, қоқыспен әбден кеуіп кеткен стихиялы қоқыс орындары ғарыштан да көрінеді»,- дейді, Жанат Самат.

Ақпараттық-сараптамалық орталықтың директорына Ұлттық баяндама туралы ойын білу үшін хабарласқан едік. Сандар мен статистикалар үнемі жүргізіліп отыратынына қарамастан, шынайы жағдайдың әлдеқайда ушыққанына көзіміз жетті.

«2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР жаңа Экологиялық кодексіне (384 бап) сәйкес, қоршаған ортаға қандай да бір зиян келтіретін барлық субъектілер жыл сайын қалдықтардың инвентаризациясы бойынша есеп беруге міндеттеледі. Соның негізінде барлық өңірлер мен экономикалық қызмет түрлерінен республика бойынша толық статистика жасалады», - деп түсіндірді, сарапшы.

Орталық сондай-ақ халықаралық нормалар мен талаптарға сай келетін жария есепті жинақтайды, ол жүйеленген классификацияға топтастырылады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қоқыс полигоны. Фото: inform.kz

Қалдықтардың халықаралық классификациясы дегеніміз қоқысты қауіпті және қауіпті емес деп екі топқа бөлуді білдіреді. Қауіпті қалдықтар қоршаған ортаға – атмосфераға, топыраққа, жер асты суларына, адам ағзасына, биосфераға әсер ететіні түсінікті.

Ресми қауіпті емес қалдықтар тобына қаптағыш материалдар, макулатура, пластик өнімдер, электронды және электр құрылғыларының қалдықтары, ірі құрылыс қалдықтары, ескірген автотранспорт кіреді. Алайда оларды қаншалықты қауіпті емес деп атауға болатыны түсініксіз.

Статистикаға сүйенсек, тек 2020 жылы қазақстандықтар 138 млн тоннаға жуық қауіпті қалдықтар мен 320 млн тонна қауіпті емес қалдықтар жинаған. Қауіптілердің ішіндегі ең алғашқы бестік мынадай: күл мен күл қалдықтары (22,8 млн тонна), құс тезегі (1,3 млн тонна), бұрғылық қалдықтар (212 тонна), доңыз қоймалжыңы (143 млн тонна), мұнай қалдықтары (103 мың тонна).

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ең үлкен қауіпті қалдықтар көлемі күл мен күл қалдықтарына (1,6 млн тонна), пайдаланылған майларға (1,2 млн тонна) және мұнай қалдықтарына (60 мың тонна) тиесілі.

Ел бойынша 2020 жылы жиналған қауіпті емес қалдықтарға келсек, оның негізгі көлемін құрылыс қалдықтары (398 мың тонна), қаптағыш материалдар (182 мың тонна), макулатура (150,5 мың тонна) құрайды.

«Бұндай көлемді көз алдыңа елестетудің өзі қиын! 1 миллион 300 мың құс тезегі дегенді ойлап көріңіз! Бұл қоқыстан тұрғызылған тау іспеттес, белсенді түрде метан мен өзге де газдарды бөледі. Бұны қолға алмаса, салдары нағыз апатқа алып келеді», - дейді, Жанат Самат.

«Экология министрлігі өте көлемді жұмыс атқаруда. Бұл мәліметтердің барлығы геосервис арқылы жиналады, облыстардағы департаменттер қызметкерлері қоқыс орындарына барып, пікірлер қалдырып, фото-видео деректер жинайды. Одан кейін атқарушы органдар қалпына келтіру  жұмыстарын жүргізеді»

Жанат Саматтың айтуынша, қазіргі таңда Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығы ірі зерттеу және дайындық жұмыстарын аяқтап, электронды жүйеде полигондардың барлық түрлерін, яғни қауіпті және қауіпті емес, санкцияланған қатты тұрмыстық қалдықтардан құратын арнайы орындарды да тіркеген. Өкінішке қарай, ресурстары шектеулі.

Оның түсіндіруінше, 2021 жылдың бірінші жартысында республикада 3 030 қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары болған. Солардың тек біреуі Нұр-Сұлтан қаласында. Оны «Эко Полигон Астаны» ЖШС басқарады және ол 100% экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сай келеді.

Ал еш есеп жүргізілмейтін, меңгерілмейтін стихиялы қоқыс орындарын қайтсек болады? Жанат Самат «Санитарлық және өзге де стандарттарды қанша жерден ұстанғанымызбен, бұл қалдықтар ресми полигонда болсын, стихиялы қоқыс орнында болсын, ерте ме, кеш пе ыдырай бастайды», - деп, өкініш білдіреді.

Сарапшының пікірінше, қайта өңдеуге келетін қалдықтардың барлығы сұрыптаудан өтіп, өңделуі кажет. Өртенуге тиісі – өртенуі керек. Мысал үшін, әбден толған ескі полигондардағы қалдықтар бірнеше химиялық реакциядан өткен, олар қауіпті газдар мен микробтар бөледі. Бұндай қалдықтар ойланбастан өртенуге жіберілуі тиіс.

«Тығырықтан шығар жол біреу ғана – қоқыс орындарын қалпына келтіріп, қайта жаратуға бейімдеу. Әйтпесе, жер бетіндегі тіршіліктің жойылу қаупі басым. Бірден болмаса да, бұл орындарда кейін жасыл желек қайта өсе бастайды. Қазақстанда қалдықтар төгілген жерлер толықтай жойылмайынша бұл жұмыс ешқашан тоқтамауы керек»

Тегтер: