USD
USD
USD

Жамбыл облысының шенеуніктері саудаға салған сүт фермасы мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатқан, - деп хабарлады qazagstan.tv.

Жамбыл облысының шенеуніктері саудаға салған сүт фермасы мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген "Сүт" фермасы ақыры әкімдікке қайтарылды.

Меркі ауданының шенділері құны 100 миллион теңге болатын зауытты 7 миллион теңгеге сатып жіберген. Аумағы 18 гектар нысан осыдан 8 жыл бұрын жеке серіктестіктің кәсіпорны болған. Бірақ оның басшысы экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекетке 52 миллион теңге берешек болып қалған. Сөйтіп, кәсіпкер айыппұлдың ақшасын сүт зауытын берумен өтейді. Нысан әкімдік балансына беріледі. Ал ондағылар мемлекет мүлкін 13 есе арзанға сата салған.

"Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 2017 жылғы 5 қазанда бағаны төмендету тәсілін қолданып, 7 263 000 теңгеге М. есімді азаматқа заңсыз сатып жіберген. 2023 жылғы 3 мамырдағы заңды күшіне еңген сот шешімімен талап қанағаттандырылды, мүлік мемлекетке қайтарылды", - деді Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Алмас Борантаев.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі