Қазан қаласындағы мектепте атыс болды
Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды.
Алматы, NEGE. «Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», - деді мәлімет беруші.
Оның айтуныша, білім мекемесіндегі атысты жасөспірім бастаған және қазіргі кезде ол ұсталған. Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдары мен шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектепке қарай Қазан қаласындағы жедел медициналық жәрдемнің 21 бригадасы мен республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жіберілді.
«Оқиға орнында Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Марат Садықов жүр», - деп хабарлады агенттік. Аймақтың Білім беру министрлігінің мәліметінше мектептегіі атыстан зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Ал, п рокуратурада ТЖ туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді. «Оқиға орнына Татарстан Республикасының прокуроры Илдус Нафиков аттанды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.