17 Мамыр 17:07

«Киіктерді тірідей көмген». Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео талқыға түсті

Фото:

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында киіктердің қырылғаны туралы ақпарат тараған. Ресми органдар «найзағай түскен болуы мүмкін» дейді. Бірақ бұған күмән көп. Өйткені «өлді» саналған киіктердің арасында тірілері де болған.

Оқырмандарымыздың бірі редакцияға жолдаған видеода арнайы топ өлі киіктерді жинаумен айналысып жүр. Алайда арасында тірілері де кездескен. Арнайы топ мүшелерінің тірі киіктерді аяғымен аударуға тырысқанын байқауға болады. Тірі киіктердің бұдан кейінгі тағдыры не болғаны белгісіз. Желі қолданушылар «киіктерді тірідей көмгендердің» әрекетіне наразы.

Батыс Қазақстан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев бірер күн былай деген: «Болжам бойынша киіктердің қырылу себебі ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Киік ұшаларында найзағай зарядымен зақымдану фактісі анықталған. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында өлгендері жойылуда».

Әзірге Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі видеоға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Тегтер: