29 Шілде 14:32
...

Вакцинация – қауіпті инфекциялардан қорғайды

Вакцина
Фото: pixabay.com

Вакцинация – аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Ол белгілі бір ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қауіпті инфекциялардан қорғап, аурудың алдын алады. Мыңдаған жылдар бойы адамзат індетпен вакцина арқылы күресіп келеді.

Вакцинация әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұру үшін дененің табиғи қорғаныс механизмдерін пайдаланады және иммундық жүйеңізді күшейтеді. Вакцина көп жағдайда инъекция арқылы салынады. Ол өз кезегінде табиғи қорғаныс механизмдерін белсенді ете отырып ауру қаупін азайтады. Адамның иммундық жүйесі есте сақтау қабілетіне ие. Екпе алу арқылы жылдар бойы, тіпті өмір бойы белгілі бір аурудан қорғана аласыз. Оны осы қасиеті тиімді етіп отыр. Ол түрлі аурулардан сақтайды, жұққан күннің өзінде жеңіл өтуіне ықпал етеді. Сол себепті ол ауруды асқындырып алып емдегеннен жақсы.

Вакцинациясыз қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты аурулар адамға қауіп төндіреді. Сол себепті әлем елдері аталмыш аурулардан алдын ала қорғанып, вакцина алып жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, тек балаларға салынған вакцинаның өзі 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайтын көрінеді.

Барлық адам вакцина алып, иммунопрофилактикадан өте алады. Десе де оның кейбір адамдар үшін қарсы көрсетілімдері бар. Оларға мыналар жатады.

иммундық жүйені басатын созылмалы аурулар немесе химиотерапия алу;

–  өте сирек кездесетін вакцина компоненттеріне және өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакциялар;

вакцинация кезіндегі жоғары температура.

Екпе салу
Фото: pixabay.com

Бұл факторларды ескеру кезінде көбіне салынатын вакцина түріне назар аударылады. Өзіңізге қажетті вакцинаның қарсы көрсетілімін анықтау үшін дәрігердің қабылдауына жазылып, анықтау қажет.

Вакцинация жүргізілетін инфекциялардың күндері мен атаулары Ұлттық вакцинация күнтізбесінде қарастырылған. Қазақстандағы балалар міндетті профилактикалық екпелерді бекітілген емхана бойынша тегін алады.

Тегін вакцинацияларға мыналар жатады:

туберкулезге қарсы (БЦЖ);

гепатитке қарсы;

полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге (DTP);

гемофильді тұмаудың b түріне;

пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит (паротит) және басқа инфекцияларға қарсы.

Вакцина бірқатар аурудан қорғайды, соның ішінде:

Жатыр мойны обыры

Холера

COVID 19

Дифтерия

Эбола вирусы ауруы

В гепатиті

Тұмау

 Жапон энцефалиті

Қызылша

Менингит

Паротит

Көкжөтел

Пневмония

Полиомиелит

Құтыру

Ротавирус

Қызамық

Сіреспе

Іш сүзегі

Желшешек

Біздің елімізде 2024 жылдан бастап вакцинация кестесін адам папиллома вирусына қарсы вакцинамен толықтыру жоспарлануда. Ол 11 мен 14 жас аралығындағы қыздарды егу үшін қолданылады. Папиллома вирусы бар науқастарда скамозды жасушалық карциноманың даму қаупі жоғары. Вакцинация 6 айдан 12 айға дейінгі аралықпен екі дозада жүзеге асырылады.

Екпе жасау
Фото: pixabay.com

Бала иммунитеті кез келген ауруға төтеп бере алмауы немесе әлсіз болуы мүмкін. Одан қорғадың жолы – иммунопрофилактика. Ресми дерек бойынша, елімізде үш жүзден астам бала екпе алған. Оның ішінде 85 мыңнан астамы қызылшаға қарсы, 103 мыңнан астамы көкжөтелге қарсы вакцинацияланған. Соның нәтижесінде қызылша ауруына шалдығатындар қатары сиреген. Атап айтатын болсақ, өткен жылдың соңғы айымен салыстырғанда ауырғандар саны 91%-ға төмендеген. Тіпті соңғы екі айда 42,5%-ға төмендегені байқалады. Көкжөтел жұқтырғандардың саны да азайған. Соңғы дерек бойынша алпыс адам көкжөтел жұқтырған. Ал ол өткен аптамен салыстырғанда елу адамға аз.

Десек те балалар арасында дер кезінде екпе алмау жағдайы да тіркелген. Мәселен, балалардың алпыс пайыздан астамы вакцинадан бас тартса, жиырма пайыздан астамы қарсы көрсетілімдерге байланысты кейінге шегерілген. 17 пайызы вакцинациялау мәртебесіне жетпеуіне байланысты алмаған.