USD
USD
USD

Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен турнирде жеңіске жетті

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors сериясының беделді J300 санатындағы турнирі өз мәресіне жетті.

Заңғар Нұрланұлы
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Финалда 18 жасқа дейінгі Қазақстанның бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 41-орында тұрған Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесті.

Отандасымыз сенімді түрде жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:2, 6:1.

Бұл атақ Нұрланұлы үшін хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңіс болды. Өткен аптада ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде топ жарған еді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова