Ұлттық компаниялар халыққа таратыла ма? «Халықтық IPO»-дан не күтеміз?
дан бастап еліміздегі ұлттық компаниялар өз акциларын сата бастауы тиіс. Алдымен - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялары IPO-ға шығуы тиіс.
IPO деген не? Ол Initial public Offering дегенді білдіреді. Яғни – өз биржаларын тұңғыш рет жария түрінде нарыққа шығару. Ондай кейстер бізде болған. Оның алдындағы халықтық IPO-дан инвесторлар жақсы табыс тапқан болатын. Бұл жолы да, халық өз байлығына өзі иелік ете алады.
IPO-дан кейін компания өз қызметін ашық жүргізуі тиіс. Себебі, оның инвесторлары көбейеді. Қаржылық есептілігі, басқа да өндірістік көрсеткіштері дер кезінде, және ашық жариялануы тиіс. Оның акциялары кез-келген адам қолдан қолға сатып алып, сауда-саттық жүргізе беретін болады.
- Тақырыпқа орай: «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO-сы. Халық НЕГЕ ұлттық компанияның әрі кетсе 10 пайызына ғана иелік ете алады?
Мысалы, Самұрық-Қазына қорына қарасты ұлттық компаниялар өз жекешелендіруін жүргізетін болады. Сонда бұл компаниялардың акциялары институционалдық инвесторлар үшін де, қатардағы қазақстандықтар үшін де қолжетімді болмақ.
Атап айтқанда, 2022 жылы қор биржаларында «Эйр Астана» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, 2023 жылы – «KEGOC» АҚ және «QazaqGaz» ҰК АҚ, 2023-2024 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларын орналастыру жоспарлануда.
IPO-дан ақша табуға бола ма?
Қазақстанда мемлекет экономиканың барлық секторларындағы өз үлесін қысқарта бастады. Сондықтан IPO жасау барлық жақ үшін тиімді болып келеді.
Бұл қор нарығына шығатын компания үшін капитал тартудың бір жолы. Ал сол акцияны сатып алған адам дивидендтен де, акция құны өссе де пайда көре алады. Ал мемлекет үшін бұл ел экономикасының дамуына, өз бағдарламаларын жүзеге асыру үшін халық ақшасын тартудың оңтайлы құралы. Жалпы алғанда, IPO отандық қор нарығының дамуына оң әсер етеді, Қазақстан халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әдетте, IPO-ға нақты бизнес-модельдері, корпоративтік басқаруы бар, сонымен бірге өсу болжамы мықты компаниялар шығарылады. Ең бастысы олардың қаржылық есептілігі халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Инвестор үшін қандай пайда бар. Ол акция құны өсіп, оны сол кезде сатып жіберсе пайда көреді. Сонымен бірге, жыл соңында төленетін дивидендтерден де пайда алып отырады. Алайда егер күтілетін кірістілік жоғары болса, тәуекел де көбірек артылмақ. IPO-ға инвестициялар жоғары кірістілікті болып саналатындықтан, олар сөз жоқ жоғары тәуекелді операциялар болып саналады.
IPO-ға қатысу қалай жүреді. Ең алдымен акциялар орналастырылған биржаның мүшесі болып табылатын лицензияланған брокерді таңдау қажет. Сол кезде брокер шот ашады. Және сол мезетте ақша қаражатымен толықтыру үшін инвесторға оның деректемелерін, яғни реквизиттерін береді. Шотта ақша болған кезде инвестор шешім қабылдап, артынан өзінің брокеріне IPO-ға шыққан комнаниялардың акцияларын сатып алуға өтінім береді.
Қазақстандық ұлттық компанияның алғашқы IPO-сы 2006 жылы өтті. Сол кезде KASE және Лондон қор биржасында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамын акциячларының 40 пайызы сатылды. Жай акцияның бағасы орналастыру кезінде 11 163 теңгені құрады. Бір жылдан кейін сол акциялар 18 990 теңгеге дейін өсті.
Биржаға шығатын компания өзінің бизнесі мен активтерін ретке келтіреді. Содан кейін олардың құнын есептеп шығарады. Артынан есептіліктің ашықтық дәрежесін және басқаларын бағалаудан өткізеді. Осыдан кейін барып, биржаға шығамын десе андеррайтер компания іздейді. Сонымен шартқа отырады. Андеррайтер ретінде Қазақстанда брокерлік ұйымдар жұмыс істейді. Олар эмитенттің акцияларын биржаға орналастырады. Онымен бірге, осы бағалы қағаздарды IPO-ға дейін алдын-ала сатып алуы мүмкін.