Тексерілді! Цианид жоқ!
Қазақстан үкіметі мен Ақмола облысындағы «Бестөбе» алтын кенішінің меншік иесі түсінбеушіліктен туындаған дағдарыстан шығып, жұмысын қайта жалғастыру үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Жоба тікелей мемлекеттің бақылауында. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған елдімекенге арнайы ат басын бұруы осының тағы да бір дәлелі. Үкімет басшысының орынбасары істің барысын, кеніш жұмысының қайта жандануын, жұмысшылар мен ауыл тұрғындарының конструктивті ұсынысы дер кезінде шешімін табуын мұқият қадағалады, деп жазады Время басылымы.
Қазірдің өзінде алтын өндірісінің қолға алынатыны айқын. Өйткені, бестөбеліктер құрамында алтын бар кеніштегі өндеу технологиясының экологиялық қауіпсіздігіне қатысты сауал қойып отыр. Біреулер «фабрика өндіріс үшін денсаулыққа өте қауіпті цианидті қолданып жатыр» деп әдейі жалған ақпарат таратып жүр.
Вице-премьер адамдарды сабырға шақырып, фабриканың оларды уландырмайтынын айтты. «Бұл жерде цианид жоқ, тиісті сараптама қорытындысы бар!» – деп, кездесуге келген жергілікті белсенділерге басу айтты.
Даудың басы қайдан шықты?
Вице-премьер бестөбеліктерді сабырға шақыра отырып, экологиялық өлшемдер мен ғылыми зерттеулердің нәтижесін алға тартты. Кейін шегініс жасасақ, бұған дейін бірнеше сараптама жүргізілген. Кеніштің меншік иесі – «Алтыналмас» АҚ неге бұл зерттеулерді ұйымдастырды?
Инвесторлардың сөзіне қарағанда, мұндай технологиялар әлемде қолданыста және тәжірибеден өткен. Сараптама нәтижесіне мамандар күдік келтіріп те отырған жоқ. Десе де, адамдар сөзге сенбейді. Ауыл тұрғындарының күдігін кетіру үшін жаңа әрі нақты зерттеулер керек. Мұның ауылға химиялық шабуыл жасау емес, заманауи өндіріс екеніне көз жеткізу қажет.
Шынында да, кәсіпорын бірнеше жыл бойы елге алтын өндіріп, адамдарды жұмыспен қамтуы тиіс еді. Бірақ кейбір белсенділер бұған мейлінше кедергі жасап бағуда. «Алтыналмастың» қисынсыз деп есептейтін бірнеше талап қойып жатыр. Мәселен, сондай талаптың бірі – алтын шығаратын фабриканы басқа жаққа көшіру. Өйткені, ол адамдардың денсаулығын құртып жатыр-мыс. Үш жыл бұрын сол адамдардың өзі құрылыс салуды қолдап дауыс берген болатын. Ал 1940 жылдары салынған алтын шығаратын ескі фабрика қауіпті сынабы бар технологияны пайдаланатын еді.
Жаңа кешен болса, заманауи. Ондаған жыл ескі қоймада сақталатын өңделген кеннің қалдықтарын да өңдей алады. Бұрын өңдеу технологиясының осал тұстары көп еді.
Үш жыл өткен соң кенет бестөбеліктер жаңа байыту фабрикасын тоқтатуды талап етіп отыр.
Алтын алуда ционидтеу тәсілі оларға ұнамайды екен. Сарапшылар мен мамандардың пікірінше, бұл – бүгінгі күні ең заманауи және қауіпсіз әдіс. Бүкіл әлем осы тәсілге жүгінеді.
Инвестордың пікірінше, мекеме бұл заттың қоршаған ортаға тарауын болдырмайтын қорғаныс технологиясымен жабдықталған. Ауылдықтардың күдігін сейілтіп, өндірістің тазалығын дәлелдеу үшін «Алтыналмас» мамандардан топырақты, суды және ауаны зерттеуге тапсырыс берді.
Бестөбе немен тыныстап отыр?
Мұны анықтау үшін ауаның РМ 2,5 тозаңдарымен ластану деңгейін тексеруге шешім қабылдады. Яғни, ол тозаңдардың көлемі 2,5 микроннан аспайды. Адамның шашынан да жіңішке. Сондықтан мұндай тозаң жерге қонбайды. Ауада қалыптап тұрады. Олар өкпе арқылы қанға араласады. Сондықтан адамның ағзасына аса қауіпті деп есептеледі. Бестөбенің, сондай-ақ алтын өндіретін басқа да Жолымбет, Ақсу елдімекендерінің ауасын улап жатқан-жатпағанын сарапшылар кесімді түрде анықтап беруі тиіс.
Степногорск қаласында да осындай сынамалар алынды. Бұл шаһарда ешқандай кеніш жоқ. Карьерлер де салынбаған. Салыстыру үшін ғана керек.
Бұл үшін барлық жерде жоғары дәлдікті портативті мониторлар қойылды. Желдің бағыты ескеріліп, өндірістен бірі жақын, бірі қашық жерлер таңдалынып алынды. Ауа райына қарамастан, құрылғы күн сайын 12 сағаттан кем жұмыс істеген жоқ. Мұның маңызы зор. Өйткені, мамандардың адамдар тұратын аймақтың күн шуағында, тұманда және жел тұрған кездегі шаңдануын бағалауы қажет. Түрлі жыл мезгілінде де ауаны тескеріп тұру керек болды. Өйткені, жаз мезгілінде ауа сапасына – шаңды дауыл, қыста пеш түтіні де ықпал етеді.
Нәтиже қандай болып шықты?
Степногорск тұрғындарына да қаланың немен тыныстап жатқанын білу қызық болды. Медицина ғылымының докторы, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Денсаулық және қоршаған орта ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі Денис Винников өзінің есебінде мынадай тұжырым жасаған. Оның сөзіне қарағанда, жыл бойы тозаңдармен ауаның ластану деңгейі өте төмен болып шыққан. Көбінде PM 2,5-тің орташа жаппай шоғырлануы нормативтен едеуір төмен екен. Сарапшы өзінің есебінде өндіріс пен пешпен жылыту жоқ деп көрсетілген. Үш елдімекеннен басқа. Бұл не деген сөз?
Бестөбеге жеке тоқталсақ, бұл ауылға 115 күн мониторинг жүргізілген. 106 күннің ішінде оқиғалардың 92 жағдайында, елдімекендердің ауасында РМ 2,5-тің жаппай шоғырлануы елдегі нормативтен аспаған.
– Зерттеу жүргізілген үш елдімекенде ауаның тозаңдармен ластану деңгейі «төменге» жатқызуға болады. Дейтұрғанмен, ауылдарда осы ластағыштардың орташа жиынтығы, атмосфералық құбылыстардан бөлек, өндірістік қызметтен шаңдануы басым Степногорск қаласымен салыстырған кезде жоғары.Ақсу және Бөстөбе ауылдарында ластану деңгейінің артуына суық ауа райының ықпалы байқалады. Бұл ауаның ластануына пеш жағу едеуір түрткі болып отыр. Ауылды жерлерде де, Степногорск қаласында да ауаның ластану деңгейі қысқы уақытта Қазақстандағы басқа қалалардың ауасының ластану деңгейінен бірнеше есе төмен, – деп жазады Денис Винников.
Жеңіл тыныстауға болатыны анық! Ал су мен жер ше?
Былтыр мамандар аталған елдімекендер мен Степногорсктен сынама алған. Сараптаманың тазалығына сұрақ туындамасы үшін, оған жергілікті халықтың өкілдері келіп, куә болған. Нәтижесінде, топырақтың 33 үлгісінен де, судың бес құтысынан да цианид табылмады. Таза болып шықты.
Ерғали НҰРӘЛИЕВ, Степногорск