USD
USD
USD

Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Израиль және мұсылман елдері арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге арналған Ибраһим келісіміне қосылатынын мәлімдеді. 

Тоқаев Трамп
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. АҚШ президенті Truth Social желісінде жақын арада қол қою рәсімі жарияланатынын жазды.

«Қазақстан – менің екінші мерзімім кезінде Авраам келісіміне (Ибрахим келісімі) қосылған алғашқы мемлекет. Бүгінде көптеген мемлекеттер менің Авраам келісімдерім арқылы бейбітшілік пен өркендеуді қабылдауға дайын. Жақын арада біз бұл келісімді ресми түрде бекіту үшін қол қою рәсімін жариялаймыз», – деді Трамп.

Қазақстанның аталған келісімге қосылатынын Ақорда да растады. Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен.

«Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады. Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі», – делінген Ақорда хабарламасында. 

Авраам немесе Ибраһим келісімі Израиль мен араб елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған. Оған алғаш 2020–2021 жылдары қол қойылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс