25 Сәуір 15:28

Тағы да митинг: «Әскери құрылыс Астана» ЖШС серіктестері қорғаныс министрінен нені талап етеді?

Фото:

Бүгін Елордада Қазақстанның әр түкпірінен келген кәсіпкерлер заңсыз митинг өткізді.  Жиналған жұрттың барлығы жеке кәсіпкерлер. Олардың айтуынша, «Әскери құрылыс Астана» ЖШС қосалқы мердігерлерге миллиардтан астам теңге қарыз болған. Бұл Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Әскери құрылыс» АҚ-ның еншілес компаниясы.

НҰР-СҰЛТАН, NEGE Алғашында бәйтерек маңына жиналғандарды қорғаныс министірінің орынбасары М. Таласов келісімге келіп, тарқатуға тырысты. Алайда,  орынбасардың сөзіне қанағаттанбаған кәсіпкерлер, министрдің өзін шақыруды талап етті. Олар мемлекет меншігіндегі «Әскери құрылыс Астана» ЖШС орындалған жұмыстың қаржысын талап етті.

Митинг атаулыдан қалмайтын, жергілікті полиция қызметінің басшысы Д. Малыбаев та өз  нөкерлерімен келіпті.

«Орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойылды, олар бойынша ешқандай да ескертулер болған жоқ. Бірақ келісімге сай қаржыны да төлемеді. Шамамен, мердігерлерге  1 642 736 285 теңге қарыз», -дейді кәсіпкерлер.

Таласовтың сөзіне құлақ аспаған жұртты министрлік өкілдері арнайы автобустарға тиеп, «ҚР Қарулы Күштерінің  Ұлттық патриоттық орталығына» Руслан Жақсылықовтың өзімен кездесуге әкелді. 

 

Жұмыстың жай жапсарын орынбасарларына сілтеген Р. Жақсылықов кәсіпкерлер наразылығына мардымды жауап та қайтара алмады. Жиналыс аяқталған соң, Жақсыловтың нөкерлері журналисттің жұмысына кедергілер келтіріп, министрге сұрақ қоюдан бөгеді. 

Тегтер: