Сәкен Бибосынов тағы бір медальді жеңіп алды
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жекпе-жегін өткізді.
Алматы, NEGE. Сәкен Бибосынов 51 келіде ширек финалда колумбиялық Юберхен Мартинеспен кездесті. Бірінші раундта төрешілер бірауыздан Сәкеннің жеңісін мойындады. Екінші раундта үш төреші қазақстандыққа, екеуі қарсыласына сенім артты. Жалпы нәтиже бойынша Сәкен қарсыласынан басым түсті. Осылайша ел құрамасынан жартылай финалға берілген төртінші жолдаманы қоржынға салды.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
51 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Бибосынов 2016 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған колумбиялық Юберхен Мартинеспен жұдырықтасқанда, оны екі жақты шешіммен жеңді.
Осылайша Сәкен Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.
Сондай-ақ Қазақстаннан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Аблайхан Жүсіпов (67 келі) жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медалді жеңіп алды. Махмұд Сабырхан Белградта қазақстандық боксшылар делегациясының қоржынына тағы бір медаль салды.