USD
USD
USD

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Павлодар облыстық полиция департаменті қалалық аурухана дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тағы біреуі полиция күзетімен арнайы палатаға жатқызылды.

Медицина қызметкерін ұрған
Фото: видеодан кадр/instagram/dp_pavlodar

Астана, NEGE. Полицейлердің мәлімдеуінше, оқиға 12 сәуір күні таңертең Екібастұз қалалық ауруханасының жарақат бөлімінде болған. Жергілікті тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Ол ауруханаға мас күйдегі екі досын ертіп келген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олар өздерін әдепсіз ұстап, дәрігердің ескертуіне агрессивті түрде жауап берген. Бөлмеден шығуын сұрағанда әлгі жігіттер дәрігерді соққыға жыққан. Жағдайға араласуға тырысқан медбике де дене жарақатын алған.

«Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері де алған жарақаттарына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстап, қылмыстық іс қозғады», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті 2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған қатаң заңнамалық шаралар күшіне енгенін еске салып өтті. Оған сәйкес, дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.