USD
USD
USD

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

ШҚО-да бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы әшкере болды.

әлеуметтік маңызы бар тауарлар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, кәсіпкер қарақұмық жармасы, қант, тұз сияқты әлеуметтік тауарларды сатып алып, оларды өзіне қарасты ЖШС-ға қайта сатып, жасанды делдалдық тізбек құрған.

«Осындай "өзіне-өзі қайта сату" нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен. Мәселен, қарақұмық жармасына 127% сауда үстемесін қосылған. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа сауда үстемесі 45% жеткен. Ас тұзына 41% сауда үстемесін қойған», – дейді министрлік өкілдері.

Заңнамада әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін 15%-дан асырмау талабы бар.

Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерін арттыру) әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram