30 Қаңтар 10:42

Криштиану бір пост үшін 48 миллион доллар алады

Фото:

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналдудың Instagram желісіндегі парақшасына 200 миллионнан аса қолданушы жазылған. Әлеуметтік желідегі статистиканы Trackalytics мәлім етті. 

Алматы, NEGE. Роналду платформа тарихына еніп отыр – қолданушылардың ішінде ол алғаш болып 200 миллион фолловер жинаған. Португалиялық футболшының профилінен озып тұрған жалғыз аккаунт – Instagram желісінің парақшасы. 

2019 жылы қаңтарда Роналду 150 миллион фолловер жинай алған алғашқы адам болып тіркелген еді. Ал былтыр қазанда Buzz Bingo спортшының әлеуметтік желідегі табысын санаған.

Форвард парақшасындағы бір пост үшін 48,66 миллион доллар алады. 

Осы маусымда Роналду Италия чемпионатының 18 матчында 17 гол соққан. Ол мадридттік «Реал», англиялық «Манчестер Юнайтед» пен лиссабондық «Спортин» сапындағы ойынымен танылды.

Тегтер: