24 Қараша 11:49

Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді?

Фото:

Конор Макгрегор үлкен спортқа қаңтарда оралады. Аралас жекпе-жек шебері келесі кездесуін Абу-Даби қаласында өткізеді.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты UFC ұйымы ресми растады және жекпе-жек кешіне қатысты жарнаманы жариялады. Ирландиялық спортшы бұл жолы америкалық Дастин Порьемен жолығатын болды. Айта кету керек, қос мықты бұған дейін де кездескен. 2014 жылы ұйымдастырылған жекпе-жек Макгрегордың басымдығымен аяқталды. Ол алғашқы раунда-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Енді қарымта кездесу өткізу жоспарланып отыр. Конор ең соңғы рет айқас алаңына 2020 жылдың қаңтарында шығыпты. америкалық Дональд Серроннан басым түскен еді. Одан кейін үлкен спорттан кететінін мәлімдеді. Ал Дастин маусым айында жаңазеландиялық Дэн Хукерді жеңді.

Тегтер: