USD
USD
USD

Елордада «Шаттық-2024» байқауының жеңімпаздары анықталды

Елордада «Шаттық-2024» өнер байқауының қорытынды концерті өтті, деп хабарлады 24KZ.

Конкурс
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Дәстүрлі сайыс 7 мыңға жуық таланты һәм талапты ұл-қыздың бағын сынап, қарымын шыңдауына жол ашты. Ең бастысы, ұлт руханиятына қазық болып қадалып, қызмет еткісі келетін ұрпақ бары қуантады. Сахна төріне шыққан бұл балаларға сүйсінбеген жан кем де кем. Cебебі өрендер өнер атты әлемде өз жолын қазірден қалыптастырып келеді. Оған, әрине, «Шаттық» өнер байқауы баспалдақ болды.

–Дәстүрлі әннен мен 20-шақты ән білемін. Мысалы, халық әні «Ақерке», «Өзім жайлы» деген. «Не пайда» және де батырлар жыры. Бұл домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы. Оны жүрегім қатты қалап тұрды. Мен болашақта дәстүрлі әнші болғым келеді, себебі дәстүрлі әнді менің жүрегім қалады», – деді «Шаттық-2024» өнер байқауының жеңімпазы Нұрайлым Мейрамбек.

Шығармашыл ұл-қыздың шоғырын жинаған «Шаттық» байқауы осымен 17-ші жыл қатарынан өтіп отыр. Биыл оған 6-17 жас аралығындағы 7 мыңға жуық елордалық жеткіншек қатысты. Олар 10 бағыт, атап айтсақ, домбыра, вокал, театр, би, көркем өнер бойынша бақ сынады.

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік