USD
USD
USD

Алаяқтар марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, желіде ақша жинаған

Бұл жайлы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында ескертті.

Салтанат
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE.Салтанат Нүкенованың ағасы, алаяқтардың ақша жинау үшін марқұм қарындасының суретін пайдаланып жүргенін айтты.

"Осы уақытқа дейін біз ешқандай ақша жинаған емеспіз", - деді Айтбек Амангелді. Сонымен қатар марқұмның ағасы ішкі істер министрлігін белгілеп, алаяқтарды ұстауды сұрады. Сондай-ақ Айтбек марқұм қарындасының суретін емге ақша жинау үшін пайдаланып жүргендер барын да айтты.

"Мен емге ақша жинау үшін Салтанаттың суреті мен видеоларын пайдаланғандардан өшіруді талап етемін. Салтанаттың суретін қаралым жинау үшін пайдаланғандары - жиіркенішті. Әсіресе, оның суретін курсын сату үшін пайдаланғандар өте төмен дәрежедегі іс істеді. Адамның қайғысына жанашырлық таныта отырып, өзінің риквизитін жазып қою дұрыс емес", - деді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелді өз жазбасында көпшілікті белгісіз адамдарға ақша аударудан сақ болуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева