USD
USD
USD

Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады

7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады. 

fifu
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы, NEGE. "Алматы – бақ қала" акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады.

"Алматы - бақ қала" жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.

Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:

ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);

"ALA" саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;

Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.

Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құру, жапырақты ағаштар мен бұталарды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізеді:

1 245 алма ағашы;

90 жапырақты ағаш;

2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.).

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай