23 Қазан 17:25

Әділ Ғалихметов шорт-тректен күміс жүлдеге ие болды

Фото:

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен. 

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз. 

 

Тегтер: