27 Наурыз 19:02

ӘЧ-2022: Қазақстан-Франция матчы көрерменсіз өтеді

Фото:

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы 28 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчына жанкүйерлерді жіберуге қатысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. «Құрметті достар! ӘЧ-2022 Қазақстан-Франция іріктеу матчы, өкінішке қарай, көрерменсіз өтетінін хабарлауға мәжбүрміз. Біз жанкүйерлерді ойынға жіберуге рұқсат беріледі деп үміттенген едік. Әлем чемпиондарымен кездесу Қазақстан үшін үлкен футбол мерекесі екенін жақсы түсінеміз. Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерді аренаға жіберу бойынша соңғы сәтке дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерімен келіссөздер жүргізді. Біз билеттерді сатуды бастауға дайын болдық, сіздерді керемет жаңалықпен қуантқымыз келді. COVID -19 таралуын болдырмауға бағытталған осы мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — делінген ҚФФ хабарламасында.

Еске сала кетейік, жексенбі күні, 28 наурызда, Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Франция командасын қабылдайды. Қазақстан-Франция матчы «Астана-Аренада» Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:50-де басталады.

Тегтер: