USD
USD
USD

«Сильфида» балеті сахналанды

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 90-театр маусымын композитор Херман Левенскольдтың «Сильфида» балетінің жаңа қойылымымен қорытындылады, деп жазды 24.kz.

опера
Фото: inalmaty.kz

Алматы, NEGE. Романтикалық - хореографиялық спектакль аталған өнер ордасында алғаш рет 1984 жылы қойылған еді. Репертуардан біраз жыл түсіп қалған балетті Мариин театрының танымал әртісі Леонид Сарафанов қайта сахналады.

«Сильфида» - жас шотланд шаруасы мен ауа періштесінің өмірі бейнеленген екі актілі балет. Либретто 1822 жылы француз жазушысы Чарльз Нодьенің новелласының негізінде жазылған. Поэмада балықшының әйелі фантастикалық жаратылыс - эльфке ғашық болса, ал Филиппо Тальони мен опера әншісі Адольфо Нурридің нұсқасында кейіпкер елес қызға ғашық болады.

Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында «Сильфида» балетінің алғашқы сахналық нұсқасы 1984 жылы ұсынылды. Біраз жылдан соң қойылым сахнадан түсіп қалған. Заманауи ең көне романтикалық-хореографиялық балет қайта жаңғырып, театр репертуарына қосылды.

–Уақыт өткен сайын декорация, костюмдер, хореография, спектакльді оқу жаңартуды қажет етеді. Сондықтан біз қойылымды жаңартуды жөн көрдік. Қоюшы суретші Вячеслав Окунев. Ал қоюшы балетмейстер осы спектакльдің көптеген нұсқаларын билеген атақты биші Леонид Сарафанов. Біз үшін бұл өте маңызды, – деді балет труппасының жетекшісі Гүлжан Түткібаева.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей