1 Тамыз 10:14

Алексей Милюк: Браконьерлікке қарсы күрес тоқтамайды

Фото:

Елімізде браконьерлікпен күрес үздіксіз жүргізіліп келеді. 2020 жылдан бастап заң аясы да күшейтіле түсті. Сонда да браконьерлік көрсеткіші елімізде азаймай тұр. Осы мәселенің төңірегінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Милюк Алексей Казимирович Nege.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді. 

Милюк Алексей Казимирович

– Браконьерлікпен күрес жөнінде Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатыр?    

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы жануарлар дүниесін қорғау саласына әкімшілік және қылмыстық қол сұғушылық үшін жауапкершілік күшейтілді.

Атап айтқанда, заңсыз аңшылық (ҚК 337-бабы), өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу (ҚК 339-бабы) баптары бойынша жауапкершіліктер күшейтілді.

Сонымен қатар, айыппұлдардың мөлшері, қоғамдық жұмыстардың мерзімдері, шектеулер мен бас бостандығынан айыру жазалары ұлғайтылды және мүлкін тәркілеу түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Қылмыстық кодекске киіктерді заңсыз аулау және жоюға қарсы жаңа қылмыс құрамы енгізілді (Қылмыстық кодекстің  339-бабы, 1-1-тармағы  «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау»). Бұл құрамдар ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды және мүлік тәркіленумен 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылды. Сонымен бірге практикалық шаралар күшейтіліп,  2020-2021 жылдарға арналған браконьерлікке қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін құру бойынша Жол картасын іске асырылуда (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген).        

Сондай-ақ биылғы жылдың басынан 3 бірлескен (ЭГТРМ, ҰҚК) «Киік», «Бекіре-2021», «Уылдырық шашу» атты жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биылғы жылдың 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Ішкі істер министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарындағы браконьерлікке және биоресурстарды заңсыз алуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілді. Іс-шараның қорытындысымен 260-тан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтары анықталды. Жалпы браконьерлікке қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.

– Браконьерлік қай өңірлерде көп тіркеледі?      

– Биылғы жылдың өткен мерзімін сараласақ, Алматы, Атырау,  Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстарында браконьерлік фактілері жиі тіркелді.              

    

 Соңғы жылдары браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторлар мен жойылған аң-құстың статистикасы қандай?  

– 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Президенттің өкіміне сәйкес сұралып отырған статистикалық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жасақтайды.

– Кәсіпқой аңшылар сіздерге қандай мәселемен жиі жүгінеді?

– Олар негізінде аңшылық және суық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат алуға байланысты мәселелері бойынша келеді.

– Сіздің түсінігіңіздегі табиғатты құрметтеу қандай? Өзіңіз аңшылықпен айналысасыз ба?

– Табиғатты құрметтеу деген қорғашан ортаны қорғау, аң-құстарымызды сақтау және ластамау деп есептеймін. Өзім аңшылықпен айналыспаймын.   

Тегтер: