28 Сәуір 21:03
...

Минустан плюске. Jusan Invest НЕГЕ инвесторларға уайым болды?

Jusan
Фото: Фото: Nege.kz

2022 жылы 2 миллиард теңге жоғалтқан Jusan Invest былтыр сол ақшасын қайтарып алды. Инвестициялық басқарушылар мен брокерлер нарығында не болып жатыр? Базалық ставканың жоғары болуы НЕГЕ олар үшін тиімді?

Jusan тобына қарасты, Jusan Invest 2023 жылды табысты аяқтап, 2 миллиард теңгеден астам таза кіріс алды. Оның ішінде 753 миллион теңге брокерлік комиссиядан келсе, негізгі табыс проценттік канал арқылы толыққан.

Проценттік кіріс 2,8 миллиард теңгеге жуықтады. Бірақ компанияның ортақ және әкімшілік шығындары да өсіп, ол 2,1 миллиард теңгеге жеткен.

Jusan Invest
Фото: "Jusan Invest" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

Jusan Invest 2023 жылы ақша және оның балама құралдарын қысқартып алған. Кезінде компания қоржынында 13 миллиард теңге жатса, қазір ол 5,3 миллиард теңгеге дейін азайды. Банкте ұстап отырған депозиттері мүлде қалмады десе де болады. Сонда жалпы активтері 62,4 миллиард теңгеден 59 миллиард теңгеге дейін төмендеген.

Jusan
Фото: "Jusan Invest" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

Пай инвестициясымен айналысатын бес қорды ұстап отырған Jusan Invest АҚ «Жусан банкіне» бағынады. Өз кезегінде банк First Heartland Securities АҚ басқарушы компаниясына қарайды. Жалпы бұл экожүйенің негізгі қожайыны – кәсіпкер Ғалымжан ЕСЕНОВ.

Инвестициялық еншілес компанияның кірісі шоғырланған есеп бойынша «жалпы топтың кірісі» деп саналады. Бұған дейін Jusan bank «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына мерзімінен бұрын 100 миллиард теңгені қайтарып берген болатын.

Jusan bank мемлекетке әлі де шамамен 500 миллиард теңге қарыз. Сондықтан да «қарыздың күліп келіп, жылап қайтатынын» ескерген жөн.