16 Шілде 12:52

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Фото:

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев соттан Е.Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартуды сұраған.

«Тараптардың пікірін тыңдап, сот прокурордың өтінімін қанағаттандырды. Біртановқа қатысты шектеу мерзімін 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін ұзартты», – делінген сот қаулысында.

Естеріңізге салайық, Е.Біртанов өткен жылдың қазан айының соңында «бюджет қаржысын жымқырды» деген айыппен ұсталған болатын.

Тегтер: