7 Шілде 14:48

Баталовтың ескі жарақаты қайта сыр берді

Фото:

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты соңғы күндері оң қолын иығына қарай тартып, таңып алған күйінде көрдік. Премьер-министр А.Мамин келгенде де солай жүрді. Басқа кездесулерден де осы күйінде байқадық. Облыс әкіміне не болды? Мертігіп қалды ма?

Nege.kz порталы жағдайды білу үшін Амандық Ғаббасұлының атына ресми сауал жолдаған. Сауалымызға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Т.Егембердиевтен жауап келді.

«Өздеріңізге белгілі, облыс әкімі Амандық Баталов волейболмен тұрақты айналысады, волейболдан спорт шебері, Қазақстан волейбол федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы және Алматы облысының волейбол федерациясының президенті.

Қазіргі кезде иық буыны байламдарының жыртылуынан қалыптасқан бұрынғы спорттық жарақаты қайта сыр берген, басқа ешқандай зақымдану болған жоқ», – деп жауап берді Т.Егембердиев.

Тегтер: