1 Сәуір 10:11

Адвокат: Біртановтың денсаулығы сыр берді

Фото:
Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің адвокаты Дмитрий Куряченко 

«Астана TV» тілшілерне берген сұхбатында айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қорғаушы оны үйқамақта негізсіз ұстап отыр деп есептейді. Ол мұны «Біртановтың ісіне» кедергі келтіру дейді. Адвокаттың сөзінше, тергеу әрекеттері кезінде іс бір жақты қаралған. Яғни, тергеушілер Елжан Біртановты қудалаудың барлық себебін қарастырып жатыр деген пікірде.

Сондай-ақ ол экс-министрдің ақша жымқыру және ысырап ету дерегіне нақты дәлелдің жоғын айтты.

«Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық «Эриксон Никола Тесла» компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда тіпті EGOV сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы «Эриксон Никола Тесланың» қатысуымен қайта сараптама тағайындады», – деді адвокат Дмитрий Куряченко .

Еске салайық, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылған.

Тегтер: