USD
USD
USD

«Қамшының деңгейін жоғары статусқа көтеруге тырыстық». Оннан астам заманауи қамшының тұсауы кесілді

Ықылым заманнан қазақ шаңырағының сәнін келтірген қамшы қасиетті саналған. Ат үстінен түспеген ата-бабамыз қамшыны көшпенділер құралы ғана емес, уақыт өте келе биліктің, рух пен күштің символына айналдырды.

Біләл Қуаныш
Фото: жеке мұрағаттан

Алматы, NEGE. Тіпті, сәбидің басына қамшы жастау, ержеткенде қолына қамшы ұстату, керегесіне қамшы ілу, сөз сөйлеуде қамшымен белгі беру, асып тасқанды қамшымен басу, келіннің бетін қамшымен ашу, тағысын тағы көшпенділер өмірінің барлық саласы қамшымен байланысты. Ол ол ма, қайғы мен қуанышты, жақсылық пен жамандықты да қамшының қалай тұрғанымен, қалай ұстауымен көрсеткен. Ноғай тарихшылары Қамшыны «жеке куәлік» деп сипаттап, бай мен төренің, жалшы мен малшының, ер мен әйелдің, дана мен баланың ұстаған қамшысына қарап, олардың мәртебесін білуге болады деген.

Жеке мұрағаттан

Алайда, қазір түркі болмысының айырылмас бөлігі саналған қамшының орнын біліп жүрміз бе? «Қамшы» ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш «Дүр қамшы» атты рухани-патриоттық кеш ұйымдастырып, заманауи қамшы түрлерінің тұсауын кесті. Атап айтқанда, «Қасиетті қамшы», «Хан қамшы», «Білге қамшы», Түркі қамшы, Ару қамшы, «Күлтегін» қамшы, бас-аяғы оннан астам жаңа қамшы өнімдері таныстырылды.

жеке мұрағаттан

Сондай-ақ, мерекелік шарада сөзін Біләл Қуаныш, әнін Ұшқын Жамалбек жазған жасөспірімдерге арналған «Бас қамшы» әнінің, «Алаң» ақпарат агенттігінің және «Жайлы» қолөнер бұйымдарының да тұсауы кесілді. «Алаң» ақпарат желісінде кириллица жазуын білмейтін қандастар төте жазумен берілген ақпараттармен танысып, өздері де пікір алмаса алады. 

«Қамшыны қазіргі ұрпақ мал айдайтын құрал ретінде түсінетін деңгейге жетті. Бұл енді бүкіл адамзатты атқа қондырған түркі баласы үшін, ұлы дала баласы үшін ұят нәрсе. Сондықтан қамшының билік мәртебесін, оның рух екенін, оның күш екенін, әр қазақтың төрінде тұруға тиіс қасиетті құндылық екенін көрсету үшін, тек сөзбен емес әртүрлі қамшы шығарып, оның деңгейін жоғары статусқа көтеруге тырыстық», – деді «Қамшы» ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш.

Рухани кеш аясында этнограф-жазушы Болат Бопайұлының қамшы туралы толық мағлұмат жинақталған, дәлірегінде жетпістен аса қамшының атауы мен қолдану әдебі туралы мәлімет қамтылған «Адамзат рухы – қамшы» атты кітабы да оқырманға жол тартты.

жеке мұрағаттан

«Қамшының тарихы өте ұзақ. Қазақ халқының бүгінге дейінге қолынан қамшы түспей келген. Мақсат – ерліктің, бірліктің, жауынгерліктің үлкен құралы болған қамшыны насихаттап, артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтың ұлттық рухын ояту, ұлттық идеология қалыптастыру үшін осы кітапты жаздық», – жазушы-этнограф Болат Бопайұлы.

жеке мұрағаттан

Қазақ мұрасын жаңғыртып, ата дәстүрін ұлықтаған рухани кеште өнер иелері сөз маржанын теріп, әннен шашу шашты.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.