USD
USD
USD

Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов салық реформасы мен цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесін сарапшылармен бірге талқылады.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар жұртшылықпен, әсіресе бизнес өкілдері және сарапшылармен белсенді түрде кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті. Ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері бастаған жұмыс топтары барлық өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен кездесіп, талдау және өңдеу бойынша ұсыныстар жинады.

Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілдерін қысқаша таныстырды. Сараланған ҚҚС және есепке қою шегін төмендету Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, инфрақұрылымды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнайы салық режимдерінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту ұсынылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы кірістер деңгейі шамамен 20%-ды құрайтыны, бұл түсімдер бойынша ЖІӨ үлесі екені атап өтілді. Басқа елдермен салыстыратын болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш – 42%, дамыған елдерде – 50%-дан астам. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін айтарлықтай бюджеттік ресурстардың тапшылығы байқалады. Реформалар болмаған жағдайда, ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, Ұлттық қор оны пайдаланудың ағымдағы серпінін ескере отырып, 2035-2036 жылдарға қарай ең төменгі деңгейге дейін сарқылады.

«Әкімшілікке қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Біз де бір жерде тұрмаймыз, жұмыс істейміз. Белгілі бір жетістіктер бар. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша да белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қаңтар айында біз кірістер жоспарын 150%-ға орындадық. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер саласындағы жұмыс пен цифрландырудың нәтижесі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет тиімділікті арттыратын және бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдететін бірыңғай цифрлық экожүйені құру бойынша жұмыс жүргізуде. Жасанды интеллект және автоматтандырылған деректерді талдау енгізілуде, бұл әкімшілік жүктемені азайтады және ашықтықты арттырады. Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін деректерді өңдеу технологиялары белсенді түрде енгізілуде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар