USD
USD
USD

«Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан»: Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

11 қыркүйекте Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Сенек ауылынан 90 шақырым жерде "Toyota Hiace" көлігі аударылып, ірі жол апаты болды.

Ақтөбе облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

«Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Анықталғандай, жолаушылар Бекет Атаға сапарға шыққан. Барлығы әртүрлі өңірден келген Қазақстан азаматтары. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына кешенді көмек ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ министрлік барлық жүргізуші мен тасымалдауды ұйымдастырушыларға жолда қауіпті жағдай тудырмау үшін шаршаған күйде рөлге отырмауды, көлікке артық жүк салмауды ескертті.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов