USD
USD
USD

Қостанай облысында 54 тонна бидай ұрлағандар ұсталды

Қостанай облысында полицейлер 54 тонна бидай ұрлығын әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысында полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың жолын кесті. Қаскөйлер жаңа өнімнен 54 тонна бидайды ұрлап кеткен. Барлығы "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде анықталды.

Жергілікті учаскелік инспектор Мейірбек Нұргелдин мен полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Бикетбаев Әулиекөл – Диев тасжолында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігін тоқтатты. Жүкке қатысты құжаттар күдік тудырды, ал жүргізуші астықтың қайдан алынғанын және қайда жеткізіліп жатқанын нақты түсіндіре алмады.

Жүк көлігі полиция бөліміне жеткізілген соң, бидайдың "Диев агрофирмасы" аумағынан ұрланғаны анықталды. Кейінірек Аманқарағай ауылындағы алдын ала жалға алынған қоймадан үш күн бұрын шығарылған ұрланған бидай табылды. Жалпы ұрланған астықтың салмағы 54 тонна. Залалдың мөлшері шамамен 6,5 миллион теңгеге бағалануда. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Агрофирма қызметкері мен Новоселов ауылының тұрғыны осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тергеу аудан прокуратурасымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілуде. Құқық қорғаушылар қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтау үшін бірлесе жұмыс істеп жатыр.

"Диев агрофирма" ЖШС-ның атқарушы директоры Олег Даниленконың айтуынша, ұрлыққа басқа қызметкерлердің де қатысы болуы мүмкін. Ол тергеудің әділ әрі ашық жүргізілетініне сенім білдірді. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін кәсіпорында бейнебақылау камераларын орнату, көлікті бақылау жүйесін белсендірек пайдалану және қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер жүргізу сияқты қауіпсіздік шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.

Полиция барлық кінәлілер заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Өңірде аграрлық саладағы ұрлықпен күрес ерекше бақылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский