11 Мамыр 08:58
...
Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге өтемақы беріледі
Сонымен қатар жерлеуге жұмсалған шығындарына 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар депратаменті хабарлады.
«Төтенше жағдалар министрлігі Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші А.Ж.Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді. Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде А.Құрманбековтің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды», делінген хабарламада.