ЛГБТ күшейіп барады. Не істемек керек?
Соңғы кезде ЛГБТ өкілдерінің әрекетіне қарсылық көп. Қайтпек керек? Ата-баба дәстүріне қайшы іс-әрекетке тыйым саламыз ба, әлде жаһандану процесінің талабына көндігеміз бе?
Ұлт намысын ойлаған белсенді азаматтар қарсы шыққанмен, ЛГБТ өкілдерінің арыны басылар емес. Instagram желісінде қазақы киінген қыз-жігіттерді сүйістіріп, ЛГБТ туын қазақ қызына ұстатқан суреттерді салған парақша көпшіліктің талқысына түсіп жатыр.
Instagram әлеуметтік желісінде мұндай суреттерді салып жүрген суретшінің кім екені белгісіз. Бұл парақшаның жабылуын талап еткен кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің постына суретші мынадай пікір қалдырыпты.
Өзінің кім екенін жариялағысы келмеген болар, дегенмен өзін Ақтөбе қаласының суретшісі екенін парақшасында көрсеткен. Салған постарында «еркше махаббаты дәріптейтінін» ашып жазған.
Әлеуметтік желідегі пост жарияланбас бұрын, 8 тамыз күні Ақтөбеде жүз шақты адам жиналып, «ЛГБТ өкілдерінің облыс орталығына келіп, жиын өткізуіне» қарсылық білдірген болатын. Олар «дәстүр мен дінге қайшы қозғалыс өкілдерін әкімдік Ақтөбеге кіргізбесін» деген жазбаша талаптарын жергілікті әкімдікке жолдаған.
ЛГБТ қауымдастығын дәріптейтін әрекеттер басылмай тұр. Бейресми статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда ЛГБТ өкілдерінің саны 1,5 миллионға жеткен. Бұл шамамен қазақстандықтардың – 10%. ЛГБТ мүшелері өздерін «Қазақстандағы дискриминацияға ең көп ұшырайтын топ» санайды. Оларды қазақ қоғамының қабылдауы екіталай.
Бұрындары бір жынысты махаббатты шетелдің киноларынан көріп жағамызды ұстайтынбыз. Ондай дерт біздің қоғамға келмейтіндей көрінетін. Өкініштісі, олар сол кездің өзінде елімізде болған екен, тек жасырын жүрген. Қазір де «ерекше махаббаттың» жақтаушылары жаныңызда жүруі ғажап емес. Бірақ сіз оларды білмеуіңіз мүмкін.
Қалай ойлайсыз патша көңілді оқырман, батыстың дамыған елдеріндегідей ЛГБТ мүшелеріне еркіндік береміз бе, әлде тосқауыл қоямыз ба?