USD
USD
USD

КҚК-ға жасалған шабуыл: бір аптадай өтті, министрлік шығынды әлі есептей алмай отыр

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейінгі шығын көлемі әзірге нақтыланған жоқ.

КҚК шабуылы
Фото: kursiv.kz

Астана, NEGE. Бүгін Cенат кулуарында КҚК шабуылынан кейін қанша шығын кеткені туралы сұраққа энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров жауап берді. Оның айтуынша, зақымданған нысандардың бірі қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал екінші құрылғыны жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде.

«Әзірге нақты цифрлар жоқ, дегенмен, бұл мәселе бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», – деді вице-министр.

Ақбаровтың мәліметінше, қазіргі таңда КҚК арқылы мұнай тасымалы бұрынғыдай қалыпты режимде жалғасуда. Мұнай тасымалына ешқандай шектеу енгізілген жоқ. Үкімет зақымданған қашықтан басқарылатын байлау құрылғысына келтірілген залалды бағалау жұмыстарын бастап кетті.

Сондай ақ, қазіргі таңда энергетика министрлігі Украинамен байланысып, өзара әрекеттесуге қауқарсыз. Вице-министр бұл мәселе тек Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне кіретінін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Еске салсақ, 29 қараша күні таңертең экипажсыз катерлердің шабуылы салдарынан КҚК-ның ВПУ-2 құрылғысы елеулі зақымданды. Бұл консорциум Қазақстандағы үш ірі кен орнынан — Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан мұнай тасымалын қамтамасыз етеді. Экономистердің болжамынша, шабуыл салдарынан елге миллиардтаған шығын келеді.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау