15 Сәуір 15:05

Қуыршақ театры кішкентай көрермендерін қуантты

Қуыршақ
Фото: Nege

Өткен жұма күні Алматы төріндегі өнер ордасы орыс халық ертегілерінің жауһарына айналған «Үйшік» қойылымын сахналады.

«Үш жастан жоғары балаларға арналған қойылым бүлдіршіндердің сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелейді»,– дейді театр ұжымы.

Кішкентай көрермендерге арналған қызықты қойылымды бар-жоғы төрт актер жоғары деңгейде алып шықты. Атап айтар болсақ, тышқан, бақа, қоян, әтеш, қасқыр, түлкі және аю сынды жан-жануарлардың табиғи болмысын Рауан Тауратқызы,Гүлвира Жұмақанқызы, Мақсат Нұрланұлы, Руслан Кәрімжанұлы кейіптеді. Авторы – Елена Лошина, ал режиссері –Антон Зайцев сахналаған спектакль балаларға орыс және қазақ тілінде ұсынылады.

«Аталмыш ертегіні бала кезден өзіміз көріп өскендіктен, режиссер тарапынан ұсыныс түскенде қуана қабылдадым дейді», – Руслан Кәрімжанұлы.

Қыршақ
Nege

Туындының синопсисімен таныстырар болсақ, кішкентай көрермендер ғажайып орманға саяхат жасайды. Онда үлкен саңырауқұлақтан тұрғызған үйшіктері бар тұрғындармен жақын танысады. Үйшікке қоныстанған әрбір жан-жануар бүлдіршіндерге қызықты ойындар мен би, жаттығу жасатқыза отырып, орманнан саңырауқұлақ сынды түрлі табиғат сыйын жинауды үйретеді. Осындай әрекет арқылы жеткіншектерді қонқжай әрі қайырымды, болуға шақырады. Татулық болған жерде ғана кішкентай үйшікке үлкен жан-жануарлар бірлесе тұруға мүмкінік алады. Көрермендер ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі оқиғаны бастан өткеріп қана қомай, оларға барлық қиындықтарды бірге еңсеруге қолұшын береді.

Қойылымда бақа мен қу түлкіні келісті сомдаған белгілі актриса Рауан Тауратқызының Қуыршақ театрының қабырғасында қызмет етіп келе жатқанына – 24 жыл. Өнер академиясының түлегі балалалармен жұмыс істеуге бекінгенін олардың жан дүниесінің тазалығымен байланыстырады.

театры
Nege

«Үйшік» – өте жеңіл қойылым. Бір қызығы, қойылымға бүлдршіндерден тыс ата-аналар да қатысады. Осыдан болса керек, туындыға келетін көрермен қарасы өте көп. Қазіргі балалар да өте ақылды. Тосыннан қандай сұрақ қойсаң да жауабы дайын тұрады. Мұны сахналық қойылым барысында жиі аңғарамын. Балаларды смартфоннан тамашалайтын басыстың қатаң кейіпкерлерінен алшақтатуда осындай ертегілердің алатын орыны ерекше. Сондықтан бүлдршіндерді тетарға әкелуге кеңес беремін», – дейді актриса.

Рауан Тауратқызы Қуыршақ театрының қазіргі таңдағы репертуарында жоғары қаралымға ие болған «Ауыл иті Ақбайда» мысықтың рөлін ойнайды.

«Театрға келген бала телефон қарауды ұмытады. Анығын айтқанда, сахнадағы ертегіге еніп кетеді» деген өнер иесі алда тағы жаңа қойылымға дайындық көріп жатқанын жеткізді.

Қуыршақ
Nege

Айта кетейік, Қуыршақ театры сәуір айында Үйшіктен өзге «Қаңбақ шал», «Үш торай», «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?», «Қасқыр мен жеті лақ», «Ақбайдың таңғажайып оқиғалары» сынды қойылымдарды қос тілде ұсынуда.

Бұдан өзге алда жарық көретін жаңа премьераға қызу дайындық көреуде. 88 мауысымын өткеріп жатқан өнер ордасы орыс классигі Николай Гогольдің белгілі «Шапан» шығармасын ұсынбақ.

«Грузияның танымал режиссері Николаз Сабашвилидің жетекшілігімен сахналатын туынды психологиялық әрі философиялық терең қойылым болмақ», – дейді театр ұжымы.

Сонымен бірге биыл белгілі қаламгер Бердібек Соқпақ­баев­тың 100 жылдық мерейтойы аясында ұсынылатын «Менің атым Қожа» және ұлттық құндылықты дәріптейтін «Алдар көсе», фило­со­фия­лық ойға негізделген «Қор­­қыт», жаңа фор­маттағы сахналанатын «Қаршақыз және жеті ергежейлі» қойылымдары мен түрлі танымдық әрі қызық­­ты іс-шаралар қатары жос­пар­ланып отыр.

 Ал шығармашылық қарым-қатынас орнату мақсатында алда Оттава қаласындағы І Халықаралық «Ottawa» қуыршақ фестиваліне, Грузия мемлекеті, Тбилиси қаласындағы Халықаралық қуыр­шақ театр фестиваліне, Беларусь Республикасы, Гродно қала­­сындағы IV Халықаралық «Лялькі над Неманом» қуыршақ өнері фес­тиваліне, Түркия Рес­пуб­ли­касы, Трабзон қаласындағы ХХIV Халық­аралық «Karadeniz» фес­ти­валіне қатысады. Сондай-ақ алыс-жақын Гру­зия, Болгария, Түркия елдерімен бірге отанымыздың Абай, Ақтөбе, Ақ­мола, Түркістан облыстарына гас­троль­дік сапармен барады.