USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестиваліне қатысады

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі мәдени фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабаралайды dimashnews.com.

Димаш
Фото: dimashnews.com

Алматы, NEGE. 8Wonder Winter 2025 – Symphony of Stars музыкалық фестивальдер сериясының бесінші маусымын ашады. Бұл жобада әлемдік музыканың биік шыңдары таныстырылып, халықаралық деңгейдегі мәдени алаң қалыптасады.

Ханой халықаралық көрме орталығының сахнасында географиялық шекараларды еңсеріп, музыканың ортақ тілі арқылы мәдениеттерді тоғыстырған әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар өнер көрсетеді. Олардың қатарында:

Алиша Киз – 17 «Грэмми» сыйлығының иегері, әлемге әйгілі музыкалық икона;

Ван Май Хыонг – Вьетнам жұртшылығының сүйікті баллада орындаушысы;

Димаш Құдайберген – бүкіл әлем тыңдармандарын таңдандырған ерекше диапазон иесі, ғаламат дауысты әнші;

Aespa – жуырда «Rich Man» мини-альбомын шығарған музыка мен технологияның тоғысын бейнелейтін 4-буынның үздік K-pop тобы;

HIEUTHUHAI – миллиондаған қаралым жинаған рэп-орындаушы, «Anh trai Say Hi» шоуының жеңімпазы;

MAYDAYS – «Phép Màu» атты хитымен танылған инди-музыкадағы жарқын жаңа есім.

Фестивальге билеттердің сатылымы 24 қазаннан бастап ашылды. Оларды VinWonders.com, Ticketbox, Klook.com және Trip.com сайттарынан сатып алуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.