USD
USD
USD

«ҚазМұнайГаз» IPO-ға шықса. Халыққа оның 10 пайыз акциясы тиетін болды

Сарапшылар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «халықтық IPO» шеңберінде ортаға салатын акциялар көлемі 10 пайыздан аспайды деген пікірде. Nege.kz дереккөзі, осы акциялардан ҚМГ-ның кем дегенде 100 миллион доллар түсіру бойынша жоспары бар екенін айтады.

«ҚазМұнайГаз» IPO-ға шықса. Халыққа оның 10 пайыз акциясы тиетін болды
Фото: NEGE.kz

Қарапайым азаматтарға ұлттық компания акцияларын иелену мүмкіндігін беру туралы тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында берген болатын. Араға аз уақыт салып, Президент тапсырмасын орындау үшін «Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сатқалиев «ҚазМұнайГаз» акцияларының AIX және KASE алаңында IPO-ға шығатынын мәлімдеді.

«Менің ойымша, акциялардың 5 пайызы ғана IPO аясында сатылымға шығады. «ҚазМұнайГаз» жергілікті нарыққа барғысы келмеген еді», - деп бағалайды, сарапшы Андрей Чеботарев. Оның айтуынша, ұлттық компания әу баста тек Лондон қор биржасында акция сатқысы келді. Бірақ сырттан сондай тапсырма келіп түскендіктен, амалсыз «Халықтық IPO-ға» барып отыр.

«Қазір IPO-ның нақты параметрлері белгісіз. Мысалы, Қазақстан миноритарлы акционерінің қауымдастығы қазір бұл акциялардың бірігіп кетпеуіне, яғни олигархтардың осы акцияларды біртіндеп сатып алуына тосқауыл қою керек деген ұсыныс айтты. Ал дивидендке келсек, мұнда еліміздегі жағдай мүшкіл. Компаниялар дивидендтік саясатын білгенінше өзгерте береді. Одан жеке инвесторлар зардап шегуде. Жалпы, компания дивиденд төлей ме, төлемей ме, онысын инвесторларға алдын-ала айтып отыруы керек. Сонда ғана нақтылық пайда болады»

«Бастапқыда олар жалпы акцияның 10% дейін ғана шығарады. Бұл IPO үшін жеткілікті», - дейді, TikMill брокерлік тобының сарапшысы, экономист Арман Бейсембаев. «Естеріңізде болса, «Қазатомпром» да IPO-ны осылай өткізген болатын. Бастапқы көлем аз болса да, артынан қосымша шығара беруге болады».

«Бірақ осы акцияларды қалың бұқара сатып алады дегенге сенбеймін. Бұған инвестияциядан хабары бар адамдар ғана қатысады. Соларға бағытталған шаруа»

Өткен жылы ұлттық компания 1,2 триллион теңге таза табыс көрді. Бірақ оның жинақталған қарызы 2,2 триллион теңгеден асады. Сондықтан таза кірістің тек 16,5 пайызы ғана дивидендтерге бағытталды. Ол дивидендтер «Самұрық-Қазына» қоры мен Ұлттық Банкке төленеді.

Қазір «ҚазМұнайГаздың» 90,42% акциясы Самұрық-Қазынаға, 9,58% акциясы Ұлттық Банкке тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары